Ғалымдар жойқын дауылдың ішінде қандай құбылыс болатынын анықтады – видео
11 қыркүйек, 2023 /
Ербұлан Қайрат
ашық дереккөзі
Ғалымдар жойқын дауылдың ішінде қандай құбылыс болатынын анықтады – видео
АҚШ-тың метеорологиялық барлау қызметінің ұшқыштары Ли дауылына өте жақын ұшып барды. Ұшақтан түсірілген кадрлардан жойқын дауылдың ішінде болу қандай болатынын елестетуге болады, деп хабарлады turkystan.kzspace.com-ға сілтеме жасап.
Жойқын күші бойынша 4-санатқа жатқызылған Лидің жылдамдығы – сағатына 251 шақырымға дейін жетеді. 8 қыркүйекте ол Атлант мұхитында болған еді. Дауылдың іші түсірілген бұл бейнежазба өте қорқынышты көрінеді.