Жаңалықтар

«Ұлы дала жорығы»: Бесінші кезеңде Ақтөбе құрамасы жеңімпаз атанды

ашық дереккөзі

«Ұлы дала жорығы»: Бесінші кезеңде Ақтөбе құрамасы жеңімпаз атанды

Бүгін «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің бесінші кезеңі аяқталды. Таңғы 7:00-де 15 команда Ұлытау облысы Айдар қыстағынан Алаша хан кесенесіне жолға шықты. Жорық бағдарламасына сәйкес, командалар марафон-бәйгенің тағы 100 шақырымын бағындырып, бесінші кезеңнің мәресі - Алаша хан кесенесіне дейін жүріп өтті. Осылайша, шабандоздар 5 күн ішінде жалпы 450 шақырым жолды жүріп өтті. Бесінші кезең қорытындысы бойынша, Ақтөбе облысының командасы жеңімпаз атанды. Бұл жолы да Маңғыстау облысының «Көкмойнақ» командасы мәре сызығына екінші болып келсе, алматылық шабандоздар үздік үштікке енді. Өкінішке қарай, бұл кезеңде атының жарақат алуына байланысты Павлодар облысы жарыстан шықты.