Жаңалықтар

Аманаттық депутат ауыл жастары үшін спорттық нысан салып берді

ашық дереккөзі

Аманаттық депутат ауыл жастары үшін спорттық нысан салып берді

«AMANAT» фракциясының мүшесі, аудандық мәслихат депутаты Райымбек Бөлебаев Бозкөл ауылындағы спорт нысанын өз қаражатына қайта жөндеу жұмыстарын жүргізді, деп хабарлады turkystan.kz. Депутат 2013 жылы пайдалануға беріліп, қазір тозығы жеткен ашық спорт алаңын өз қаражаты есебінен 2 млн теңгеге қайта қалпына келтіріп, «Бозкөл ауылы күні» мерекесі қарсаңында халық игілігіне пайдалануға берді. Бұл ұсыныс өткен жылы «Жастар керуені» жобасы аясында аудандық мәслихат депутатының ауыл жастарымен кездесуі барысында айтылған болатын. Ауыл тұрғындары ауыл ішінде өзекті болған мәселенің оң шешімін тауып, бұйымтайларын орындаған Райымбек Болатбекұлына шынайы алғысын білдірді.