Қылмыскерлерді қылмыс жасамай тұрып анықтайтын бағдарлама пайда болды

11 қыркүйек, 2023 / Ербұлан Қайрат
ашық дереккөзі
Қылмыскерлерді қылмыс жасамай тұрып анықтайтын бағдарлама пайда болды Қылмыскерлерді қылмыс жасамай тұрып анықтайтын бағдарлама пайда болды, деп хабарлады turkystan.kz insider.com-ға сілтеме жасап. Voyager Labs компаниясы өздері әзірлеген бақылау жүйесінің бағдарламалары болашақта қылмыс жасауы мүмкін қылмыскерлерді тани алады деп мәлімдеді. Нейрожелі автоматты түрде қауіп төндіретін адамдарды анықтайды екен. Нью-Йорк полициясы қылмысты бақылау және болжау бағдарламаларына 8 миллион доллар жұмсаған. Дегенмен, полиция бұл құралдарды әлі қолданбаған, сынап көрмеген.