Жаңалықтар

Қырғызстанда жер сілкінді

ашық дереккөзі

Қырғызстанда жер сілкінді

Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі бүгін Алматы уақытымен сағат 07:54-те жер сілкінісі болғанын тіркеді, деп хабарлады turkystan.kz. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 553 шақырым жерде, Қырғыз Республикасы аумағында орналасқан. «Жер сілкінісінің энергетикалық класы 9.8. Магнитудасы MPV 4.4. Эпицентр координаттары 40,04° с.е., 83,47°ш.б. Тереңдігі – 5 км. Cезілуі туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша) түскен жоқ», - делінген хабарламада.