Жаңалықтар

Президент Қазақстан құрамасын жеңісімен құттықтады

ашық дереккөзі

Президент Қазақстан құрамасын жеңісімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев футболдан Қазақстан ұлттық құрамасын Еуро-2024 чемпионатының іріктеу кезеңінде Солтүстік Ирландия командасымен өткен матчтағы жарқын жеңісімен құттықтады, деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап. «Жеңіс құтты болсын! Бүгін жақсы ойын болды. Шеберлік көрсеттіңіздер. Бәрі риза», - деді Президент. Өз кезегінде футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Асхат Тағыберген көрсеткен қолдауы үшін Президентке алғыс айтып, команда атынан доп сыйлады.