Лаңкестер Алматыдағы «Көктөбе» телемұнарасын жармақ болған
Лаңкестер Алматыдағы «Көктөбе» телемұнарасын жармақ болған
2020 жылы бір топ радикал Алматыдағы «Көктөбе» телемұнарасын жармақ болған. Сол арқылы Қазақстанда хаос орнатуды ойлаған, деп хабарлады turkystan.kz nege.kz сайтына сілтеме жасап.
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті еліміздің бірнеше қаласында террорлық акті жасауды жоспарлаған лаңкестерді құрықтады.
Бір топ радикал Алматыдағы «Көктөбе» телемұнарасын жармақ болған. Тағы бір тобы «Көк базар» сияқты адам көп жүретін орындарда жарылыс жасауды көздеген.
Еліміздің бірнеше қаласында террорлық акті жасауды жоспарлаған лаңкестердің қалай құрықталғаны туралы «Шыңырау» фильмі көрсетіледі.
Фильм жуырда отандық телеарналардан көрсетіледі.