Жаңалықтар

Алматылық оқушылар Гиннес рекордын орнатты

ашық дереккөзі

Алматылық оқушылар Гиннес рекордын орнатты

9 қыркүйек «Тоғызқұмалақ күніне» орай 2000-нан астам алматылық жоғары сынып оқушылары бір мезетте тоғызқұмалақ ойнап, Қазақстанның Гиннес рекордтар кітабына енді. Мұны Қазақстан Гиннес рекордтар кітабының өкілі Қарлығаш Жаппар тіркеді, деп хабарлады turkystan.kz. Ол рекордты бекіту туралы арнайы сертификат берді. Іс-шараны Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Алматы қаласының тоғызқұмалақ зияткерлік қауымдастығы ұйымдастырды. Айта кетейік, 2020 жылы тоғызқұмалақ ЮНЕСКО шешімімен адамзаттың мәдени мұра тізіміне енгізілді.