Жаңалықтар

Боксшы Мадина Нұрашева Silesian Open турнирінің жеңімпазы атанды

ашық дереккөзі

Боксшы Мадина Нұрашева Silesian Open турнирінің жеңімпазы атанды

Қазақстандық боксшы Мадина Нұрашева Польшада өткен Silesian Open-2023 турнирінің жеңімпазы болды, деп хабарлады turkystan.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап. 70 келіге дейінгі салмақ санатындағы М.Нұрашева ақтық кездесуде польшалық Патрисия Гживиньскамен жұдырықтасты. Жекпе-жек қазақстандық боксшының жеңісімен мерзімінен бұрын аяқталды. Осылайша Мадина Нұрашева Silesian Open-2023 турнирінің алтын медалін жеңіп алды.