Жаңалықтар

Атыраулық азамат 3 тонна мұнай өнімін заңсыз сатқан

ашық дереккөзі

Атыраулық азамат 3 тонна мұнай өнімін заңсыз сатқан

Атыраулық азаматтың 3 тонна мұнай өнімін заңсыз сатқаны анықталды, деп хабарлады turkystan.kz Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап. Атырау қаласы бойынша мемлекеттік Кірістер басқармасы мамандары акцизделетін өнімдердің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу бойынша іс-шараларды белсенді жүргізуде. “2023 жылдың қыркүйек айында осындай шаралардың нәтижесінде мұнай өнімдерін заңсыз жолмен сатумен айналысқан 1 жеке тұлға бойынша жалпы саны 3 тонна дизельдік отын анықталып, іс-материалдары әрі қарай шешім шығару үшін Әкімшілік сотына жолдануда” деп жазды ведомстводан. Сонымен қатар алдағы уақытта көлеңкелі экономиканың алдын алу мақсатында акцизделетін өнімдердің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу бойынша іс-шаралары жалғастырылады.