Мароккода қаза тапқандар саны 1,3 мыңнан асты
Өткен түні Мароккода болған жойқын зілзала салдарынан қаза тапқандар саны 1305 адамға жетті. Тағы 1832 адам зардап шекті, олардың 1220-сы аса ауыр халде жатыр, деп хабарлады turkystan.kz.
Елдің Ішкі істер министрлігі жариялаған соңғы мәліметке сәйкес, жер сілкінісі ошағына жақын орналасқан Марракештің оңтүстігіндегі Эль-Хаузда 694 адам көз жұмды, одан кейін Тарудант (347 адам мерт болды), Чичауа (191), Уарзазат (39), Марракеш (14), Азилал (11), Агадир (5), Касабланка (3), Аль-Юсуфия (1) және Тингуир (1).
Марокко королі Мұхаммед VI көптеген адамның қазасына байланысты елде үш күндік қаралы күн жариялады.