Жаңалықтар

Мароккодағы жер сілкінісі: құрбандардың саны 1 мың адамнан асты

ашық дереккөзі

Мароккодағы жер сілкінісі: құрбандардың саны 1 мың адамнан асты

Мароккода 7,0 магнитудасымен болған жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны 1037 адамға жетті, тағы 721-і зардап шекті. Мұндай мәліметті Корольдіктің Ішкі істер министрлігі келтірді, деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 9 қыркүйекке қараған түні Марракеште 7 балл қуатымен болған зілзала, кейінгі жүздеген жылда алғаш тіркеліп отыр. Марракеш пен Агадирде ғимараттар қирады. Марокконың әскери қызметшілері, жергілікті әкімшіліктер, қауіпсіздік күштері мен азаматтық қорғау жасақтары іздестіру-құтқару жұмыстарын жалғастырып жатыр, апат аймағына гуманитарлық көмек жеткізу үшін барлық күш-жігер жұмылдырылды. Марокколық БАҚ-тың мәліметінше, жерасты дүмпуі Рабатта, сондай-ақ Касабланка, Мекнес, Агадир және Фес сынды қалаларда сезілді. Марокконың Ұлттық геофизика институтының хабарлауынша, жер сілкінісінің ошағы Марракештегі Эль-Хауз ауданында орналасты. Тереңдігі – 8 шақырым. Тербелістер эпицентрден 400 км радиуста сезілді. Қуатты дүмпуден кейін жүздеген афтершок тіркелді, магнитудасы ең үлкені – 6,0.