Жаңалықтар

Қызылордада қауын тиелген жүк көлігі толығымен жанып кетті

ашық дереккөзі

Қызылордада қауын тиелген жүк көлігі толығымен жанып кетті

Қызылорда облысында қауын тиелген жүк көлігі толығымен жанып кетті, деп хабарлады turkystan.kz. Оқиға «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» тасжолының 1 872 шақырымында болды. «Шиелі ауданынан Ресейге бет алған Volvo FH жүк автокөлігінің тіркемесі толығымен жанды. Тіркеменің дөңгелегі жарылып, жел салдарынан ашық жалын пайда болған. Ол тіркемеге тиіп өртенген. Тіркемеде қауын тиелген. Өрт сөндірушілер күшімен толықтай сөндірілді», - деді Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.