Жаңалықтар

Мароккодағы зілзаладан қаза тапқандар арасында қазақстандықтар бар ма?

ашық дереккөзі

Мароккодағы зілзаладан қаза тапқандар арасында қазақстандықтар бар ма?

ҚР Сыртқы істер министрлігі Мароккодағы зілзаладан қаза тапқандар арасында қазақстандықтар жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлады turkystan.kz.

Соңғы мәліметке қарағанда, Мароккодағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 820-ға жетті.

АҚШ геологиялық зерттеу қызметінің мәліметінше, дүмпу ошағы Марракеш қаласынан 70 шақырымдай жерде анықталды. Ондаған ғимарат қирап, жүздеген тұрғын жараланған.