Мароккодағы жер сілкінісі: 632 адам қаза тапты

9 қыркүйек, 2023 / Ақмарал Берекет
ашық дереккөзі
Мароккодағы жер сілкінісі: 632 адам қаза тапты Мароккодағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 632-ге жетті, деп хабарлады turkystan.kz "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.  Бұл туралы елдің Ішкі істер министрлігі өкілдері хабарлады. 329 адам ауыр халде ауруханада жатыр.
"Магнитудасы 7,2 балл деп бағаланған табиғи апат эпицентрі - Жоғары Атлас тауында, 18 шақырым тереңдікте", - дейді елдің геологиялық қызметі өкілдері.
Әл-Хауз, Хуарзазат, Марракеш, Азилал, Шихауа және Тарудант провинциялары қатты зардап шекті.