Президент Марокко Королі VI Мұхаммедке көңіл айтты

9 қыркүйек, 2023 / Ақмарал Берекет
ашық дереккөзі
Президент Марокко Королі VI Мұхаммедке көңіл айтты Мемлекет басшысы Марокко Королі VI Мұхаммедке көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Марракеш-Сафи аймағында болған жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Король VI Мұхаммедке көңіл айтты.
«Осындай ауыр сәтте қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, барша қазақстандықтардың және жеке өз атымнан Сізге, сондай-ақ бауырлас Марокко халқына көңіл айтамын», - деп жазылған жеделхатта.