Жаңалықтар

Сарыағаштағы 5 жасар қыздың өлімі: аудандық сот төрағасы өз еркімен қызметтен кетті

ашық дереккөзі

Сарыағаштағы 5 жасар қыздың өлімі: аудандық сот төрағасы өз еркімен қызметтен кетті

Сарыағашта он жыл отырып шыққан азаматқа шартты жаза берген аудандық сот төрағасы қызмет орнын босатпақшы. Нұрғазы Шетенов қызметінен өз еркімен кету туралы арыз жазған, деп хабарлады turkystan.kz КТК арнасына сілтеме жасап. Аудандық сот төрағасын қызметінен кетіруді бұған дейін Сарыағаштың халқы талап еткен болатын. Себебі шілде айында ойнап жүрген бес жасар қызды ішімдікке сылқия тойған көршісі алдап үйіне шақырып, зорлап өлтірген. Ауыр қылмысқа бармас бұрын Сайдолим Гаибназаров біреудің басын балтамен ұрып жарған. Бірақ бұрын да он жыл отырып шыққан қауіпті қылмыскерге Нұрғазы Шетенов небәрі үш жыл шартты жаза кесіпті. «Егер азғын сол кезде сотталып кетсе, қызымыз аман қалар ма еді», - дейді қара жамылған отбасы. Сот үкімімен 48 жастағы қылмыскер өмір бойына сотталды. Ал аудандық сот төрағасы өз еркімен жұмыстан кетуге өтініш жазған.