Қазақстанда туберкулезбен ауыратындардың саны азайып келеді – ДСМ
Қазақстанда туберкулезбен ауыратындардың саны азайып келеді – ДСМ
Соңғы 5 жылдың ішінде елімізде туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдайда елеулі оң өзгерістер байқалады, деп хабарлады turkystan.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Туберкулезбен сырқаттанушылық көрсеткіші 2018 жылы 81,7-ден 2022 жылы 100 мың халыққа шаққанда 36,5-ке дейін төмендеді. Бұл 55,3%-ды және өлім – 2018 жылы 7,4-тен 2022 жылы 1,6-ға дейін төмендеді. Бұл 78,4%-ды құрайды.
«2023 жылдың 8 айындағы көрсеткіштерді талдау кезінде туберкулезбен сырқаттанушылықтың 2022 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 1,7%-ға төмендеуі байқалады және 100 мың халыққа шаққанда 35,6-ны құрайды. Сондай-ақ өлім-жітімнің 20%-ға төмендеуі байқалады, бұл 100 мың халыққа шаққанда 1,2-ді құрайды», - делінген хабарламада.
2022 жылдың қорытындысы бойынша, амбулаториялық ем алатын пациенттердің 95%-дан астамы әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылды.