Квазимемлекеттік сектордағы компанияларды кредиттеуді тоқтатқан дұрыс – Эльдар Шамсутдинов, экономист
Квазимемлекеттік сектордағы компанияларды кредиттеуді тоқтатқан дұрыс – Эльдар Шамсутдинов, экономист
– Мемлекет басшысы өз Жолдауында нақты секторға кредит берудің деңгейі төмен екенін айтып өтті, бұл ретте мәселенің өзекті екенін де нақты айтты. Еліміз жеңілдетілген несиелер арқылы экономиканы ынталандыру бағдарламаларының салдарынан инфляцияның жоғары деңгейін бастан өткерді, бұл жайттың қайталанғанын ешкім қаламайды.
Кезекті квазимемлекеттік жобалардан басқа, Президент нұсқаған бағытты бәрі бірдей дұрыс түсінген жоқ, сондай-ақ Ұлттық банктің базалық мөлшерлемесін төмендетуге тырысқан лоббистер іске білек сыбана кірісті, пікірталас қыза түсті: кез келген жобаға арзанға ақша берсек, жұмыс орындары пайда болады, кіріс өсіп, экономикамыз жақсара түседі дейді. Өкінішке қарай, бұдан ештеңе өнбейді, нақты секторды несиелеу базалық мөлшерлеме көтерілгенге дейін төмендеді, 2014 жылы ірі және орта бизнес шокты бастан өткерді, ірі холдингтер банкротқа ұшырады. Корпоративтік сегменттегі төлем қабілеті бар қарыз алушылар саны бірнеше есе азайды. Ал егер квазимемлекеттік сектордағы компанияларды алып тастасаңыз, онда қарыз алушыларды саусақпен санап алуға болады.
Ірі қарыз алушылардың дефолттарына жауап ретінде реттеуші Үкімет экономиканы ынталандыру бағдарламаларын ұлғайта отырып, корпоративтік бизнесті несиелендіруді реттеуді айтарлықтай күшейтті. Бір жағынан, қаржы секторына мемлекеттік бюджеттен жұмсалған әрбір теңге ЕДБ-де депозиттер жасайтын жағдай орын алды. Мұндай ақша массасы инфляцияға әсер етті, бірақ статистиканы қолмен реттеуге байланысты инфляция көлеңкеге түсіп, ұлттық валютаның сатып алу қабілетіне әсер етті, теңге арзан болды.
Түрлі өзгерістер болды, пайда болған жаңа технологиялар қарыз алушыға жеке тұлғаға кредит сын-қатерін тез есептеуге мүмкіндік берді, бұл кредиттер бойынша шешім қабылдау процесін секундтарға дейін жеңілдетті, ал жинақталған ақша массасы тұтынушылардың несиесіне кетті. Бір жағынан заңды тұлғаларға несие берілді, екінші жағынан жеке тұлғалар бойынша реттеу жеңілдетілді. Бұл қаржы секторындағы несие портфолиосының ахуалын өзгертті.
Біз қазір көріп отырған жағдай кенеттен пайда болған жоқ, бұл 10 жылдық процестің нәтижесі. 10 жыл ішінде корпоративтік несиелеу блогы нашарлады, құзыреттер басқа секторларға өтті, корпоративтік қарыз алушылар оффтейк келісімшарттарын белсенді қолдана бастады. Ірі және сапалы қарыз алушыны табу да – үлкен жұмыс.
Сондықтан Президент мәселенің өзекті әрі күрделі екенін баса айтты, ірі қарыз алушыларды қайтадан нөлден бастап құру мүмкін емес және олар ақшаны қайтара алады деп үміттене де алмаймыз, ірі зомби компанияларға қолдау көрсетуді тағы жалғастыруға келмейді, өйткені олар несие пирамидаларын қалыптастырады (несиелерді жаңа несиелермен төлейді). Жағдай күрделі, одан шығудың жолы – сын-қатерді түсіне алатын инвестициялық банктерді немесе бутиктік инвесторларды, компанияларды тарту болуы мүмкін. Сондай-ақ Қазақстан Даму банкінен басқа квазимемлекеттік сектордағы компанияларды кредиттеуді тоқтату қажет. Олардың міндеті – кредиттеуді интитуциализациялау және күрделі инфрақұрылымдық жобаларға инвестициялау. Квазимемлекеттік сектор субъектілері инвестициялау кезінде соңғы тармақты, несиені қайтару керек екенін ұмытып кетеді. Соның нәтижесінде, пайда жекешеленіп, шығыны мемлекетке өтеді.