Жаңалықтар

Танымал актер 30 жылға бас бостандығынан айырылды

ашық дереккөзі

Танымал актер 30 жылға бас бостандығынан айырылды

Америкалық актер Дэнни Мастерсон 30 жылға түрмеге тоғытылды. Ол екі қызға зорлық-зомбылық көрсетті деп айыпталуда, деп хабарлады ABC News. Ол оған қарсы қозғалған екі қылмыстық істің әрбірін 15 жылдан өтейді. Сонымен қатар, ол жәбірлеуші ретінде тіркеуге тұрады. Аталған екі қылмыс 2001-2003 жылдар аралығында болған, алайда актер кінәсін мойындаудан бас тартты. Бұған дейін жалпы саны 4 қыз Мастерсоннан зәбір көргенін айтып, шағымданған болатын.