Қарағанды облысындағы шахтада 39 жастағы кенші қаза тапты

8 қыркүйек, 2023 / Анель Жарылғасын
ашық дереккөзі
Қарағанды облысындағы шахтада 39 жастағы кенші қаза тапты Қарағанды ​​облысындағы шахтада кенші қаза тапты, деп хабарлады turkystan.kz. «Өркен» ЖШС-нің шахтасында апат болды. 1984 жылы туған үңгуші қаза болды. Арнайы комиссия құрылып, іс тергеліп жатыр. «Өркен» ЖШС баспасөз қызметінің хабарлауынша, марқұмның отбасына ұжымдық шартқа сәйкес барлық қажетті қолдау көрсетіледі.