Жаңалықтар

Футболшы Бауыржан Исламханға Германияда ота жасалды

ашық дереккөзі

Футболшы Бауыржан Исламханға Германияда ота жасалды

Футболшы Бауыржан Исламханға Германияда ота жасалды, деп хабарлады turkystan.kz. «Ордабасы» клубының баспасөз қызметі мәлімдегендей, футболшының оң аяқ тізесіндегі шеміршектер мен байламдарына ота жасалған. «Ол енді хаттамаға сәйкес ем-домын алады. Бауыржанға тезірек қалпына келіп, қатарға қосылуын тілейміз», - деп жазды клубтың баспасөз қызметі. «Ордабасы» командасының жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламхан ҚПЛ-ның 20-турында «Қайратпен» өткен ойында жарақат алып, бірінші таймда алаңнан шығып қалған болатын.