Мәжіліс депутаты өзіне белгісіз біреулер қоқан-лоққы жасағанын мәлімдеді

7 қыркүйек, 2023 / Эльмира Ағабек
ашық дереккөзі
Мәжіліс депутаты өзіне белгісіз біреулер қоқан-лоққы жасағанын мәлімдеді Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек өзіне белгісіз біреулер қоқан-лоққы жасағанын мәлімдеді, деп хабарлады turkystan.kz.
«Менің отбасыма белгісіз біреулерден қоқан-лоққыға ұқсайтын әрекеттер басталды. Кішкентай балапанымның коляскасын квартирамыздың есігі алдында жағып жіберген. Осылай, ескі Қазақстанның өкілдері өзінің бар-жоғын ескертіп, білдіртіп отырғандай сезінесің. Не болса да тергеу қорытындысын күтейік» деп жазды депутат Facebook желісіндегі парақшасында.