Жаңалықтар

«Осынша жасқа жетсем де, «тілім» қысқа болды»: Жұлдыз Әбдікәрімова оқырмандарын ойландырып қойды

ашық дереккөзі

«Осынша жасқа жетсем де, «тілім» қысқа болды»: Жұлдыз Әбдікәрімова оқырмандарын ойландырып қойды

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, оқырмандарын ойландырып қойды, деп жазды turkystan.kz. Ол осы уақытқа дейін үнсіз келгенін айтып, кейбір оқырмандарына ренішін білдірді. «Шыдамның да шегі бар! Енді үндемеу мүмкін емес! Енді бәрін айтамын. Бірақ бәріне емес. Мен періште емес пендемін. Менің де «тілім» ұзаратын сияқты. Бұл шындық тек менің жылдар бойы бірге келе жатқан оқырманыма арналады. Сол себепті парақшамды жабамын. Осынша жасқа жетсем де бұған дейін «тілім» қысқа болды. Оны өзім де байқамаппын. Ендігілер өміріме де, парақшама да есігімді қағып кіріңіздер»  деп жазды актриса.