Алматы облысында атыс болып, бір адам қаза тапты
Алматы облысында атыс болып, бір адам қаза тапты. Бұл туралы Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленов Instagram-дағы парақшасында мәлімдеді, деп хабарлады turkystan.kz.
7 қыркүйекте Іле орталық аудандық ауруханасына жарақат алған төрт тұрғын түскен. Тағы бір адам ауруханаға жетпей, жолда қаза тапты.
«Бұл деректер ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы (Адам өлтiру) және ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша тіркелді. Полиция қызметкерлері оқиғаға қатысқандарды ұстады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», – делінген хабарламада.
Бауыржан Әленов аймақтағы жағдай бақылауда екенін айтты.
Сараптамалық тексеру тағайындалып, барлық қажетті тергеу шарасы жүргізіліп жатыр.