Жаңалықтар

Қорғаста бір топ жігіт жаппай төбелес ұйымдастырған

ашық дереккөзі

Қорғаста бір топ жігіт жаппай төбелес ұйымдастырған

6 қыркүйекте «Қорғас» ХШЫО аумағында төбелес болды, деп хабарлады turkystan.kz. «Төбелеске 20-26 жас аралығындағы бір топ жергілікті тұрғындар қатысқан. Оқиғаға қатысушылардың барлығы анықталып, полицияға жеткізілді. Жәбірленушілер мен зардап шеккендер жоқ», - делінген Жетісу облысы Полиция департаментінің хабарламасында. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу жалғасуда, оның қорытындысы бойынша қатысқандардың әрекетіне құқықтық баға беріледі. Табылған травматикалық тапанша тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына тіркелді. Аталған істі тергеп-тексеруді облыстық департамент ерекше бақылауға алды.