Жаңалықтар

Шымкентте мас тұрғын полицейге пышақ ала жүгірген (ВИДЕО)

ашық дереккөзі

Шымкентте мас тұрғын полицейге пышақ ала жүгірген (ВИДЕО)

Шымкентте мас күйдегі үй иесі учаскелік полицейге пышақ ала жүгірген, деп хабарлады turkystan.kz. 6 қыркүйек күні кешке Әл-Фараби АПБ-ның учаскелік инспекторы отбасылық жанжал туралы шақырту түскен мекен-жайға барды. «Жергілікті тұрғын күйеуі ұрғанын жеткізген. Учаскелік полицей қолында пышағы бар үй иесін көріп, қаруды тастауды талап еткен. Сол сәтте мас ер адам оған шабуыл жасап, мойны мен қолын жарақаттаған», - делінген хабарламада. Полиция қызметкері әріптесінің көмегімен қаскүнемді қарусыздандырды. Аталған жайтты тергеушілер Қылмыстық кодекстің 380-бабы 3-бөлігі «Билік өкілінің өз қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты өміріне немесе денсаулығына қауіпті емес күш қолдану» бойынша тіркеді. Polisia.kz сайтының мәліметінше, күдікті 2015 жылы осы баптың бірінші бөлігімен қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Сонымен қатар бұрын әйелінің денсаулығына зиян келтіргені үшін әкімшілік қамауға алынып, полицияның есебінде тұрған. Ер адам қазір қамауда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.