Жаңалықтар

Алматыда алып сәби дүниеге келді

ашық дереккөзі

Алматыда алып сәби дүниеге келді

Алматыдағы №5 қалалық перзентханада салмағы 6 келіден асатын нәресте дүниеге келді, деп хабарлады turkystan.kz. Алматы тұрғыны толғақпен перзентханаға түскен. Ультрадыбыстық зерттеу баланың салмағы 4 кг 800 грамм екенін көрсеткен. Ал дәрігерлер салмағы 6 кг 300 грамм нәрестені кесарь тілігін жасап алған. «Бала кесарь тілігімен дүниеге келді. Медицина көрсеткіші бойынша, бала дұрыс күйде жатпаған. Анасы мен ұлдың жағдайы жақсы. Сәби - отбасының үшінші баласы», - деді неонатология бөлімінің меңгерушісі Сәуле Кененбаева. Айта кетсек, медицина стандартына сай, құрсақтағы баланың салмағы 4 келіден асса үлкен, ал 5 келіден асса, алып болып саналады.