Жаңалықтар

Қазақстан – Финляндия ойыны: Астанада қосымша автобустар рейске шығады

ашық дереккөзі

Қазақстан – Финляндия ойыны: Астанада қосымша автобустар рейске шығады

Бүгін Астанада арнайы автобустар стадионға қатынайды, деп хабарлады turkystan.kz. «Астана Арена» стадионында футболдан Қазақстан – Финляндия іріктеу кезеңінің өтуіне байланысты жолдарда көлік кептелісін азайту мақсатында 5 тұрақ торабынан арнайы шаттл-автобустар жүреді. Елорда әкімдігі сайтының мәліметінше, автобустар мына орындардан қатынайды: - «Астаналық цирк» автотұрағы; - «Қазақстан» СК автотұрағы; - «Әзірет Сұлтан» мешітінің тұрағы; - «Әбу Насыр Әл-Фараби» мешітінің тұрағы (Нұр-Астана); - «Жастар» сарайы тұрағы. Шаттл-автобустар тұрақтардан сағат 19:00-де қозғалады. Сондай-ақ матч аяқталған соң футбол көрермендерінің ыңғайлылығы үшін қосымша №10, 12, 21, 26, 28, 37, 40, 49, 51, 53, 60 қалалық және №303 қала маңы бағдарлары Қабанбай батыр даңғылындағы аялдамады тұрады.