Жаңалықтар

Ұрланған 8 айлық бала Талдықорғанда табылды

ашық дереккөзі

Ұрланған 8 айлық бала Талдықорғанда табылды

Жоғалып кеткен 8 айлық бала Талдықорғанда табылды, деп хабарлады turkystan.kz. Талдықорған қаласының полицейлері іздеуде болған 8 айлық сәбидің орналасқан жерін анықтады. Бала Талдықорған қаласында жекеменшік секторда тұратын әкесінің туыстарынан табылды. Жетісу облысының ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір нәресте анасының жанында.  Әйел қалалық полиция қызметкерлеріне бүлдіршінін іздеуге көмектескені үшін шын жүректен алғыс білдірді. «Нәрестенің болашақ тағдырын қорғаншылық және сот органдарының өкілдері шешеді. Баланың әкесі сот шешіміне сәйкес әкімшілік қамауда», - делінген хабарламада.