Мемлекет басшысы жаңадан құрылған министрліктің басшысын қабылдады
Мемлекет басшысы Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовті қабылдады, деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Кездесу барысында Президент:
су ресурстарын басқару мәселелері бойынша
Орталық Азия елдерімен өзара іс-әрекетті жолға қою маңызды екенін атап өтті;
министрлікке су шаруашылығы инфрақұрылымдарын кең көлемде жаңғырту, суды есептеу және бөлу жүйесін
цифрландыру міндетін жүктеді;
су ресурстарын тиімсіз пайдалануға және гидротехникалық нысандардың әбден тозуына қатысты мәселелерді шешу үшін
жаңа Су кодексін уақтылы қабылдау қажеттігін айтты;
Ұлттық гидрогеологиялық қызметті қайта құру және министрлікке қарасты ұйымдарды трансформациялау жұмыстарын аяқтауды тапсырды.