Жаңалықтар

Педофилдер өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін

ашық дереккөзі

Педофилдер өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Педофилдер өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлады turkystan.kz. «Qazaqstan» телеарнасы мәлім еткендей, қазір заң жобасы әзірленіп жатыр. Құжат жақында Үкіметке қорытындыға жіберіледі. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов айтты. Маңызды заң нормаларының қатарында буллинг мәселесіне сұранысты қатайту, букмекерлік кеңселер мен лотоматтарға шектеу қою жайы бар. Бұдан бөлек, Аймағамбетов педофилдерге бостандыққа шығарда міндетті түрде стерилизация жасалу керегін ұсынды. «Педофилдердің өмір бойы қамалу мәселесі, оларды стерилизациядан өткізу... Олардың кейбірі өтеді, кейбірі өтпейді. Бірақ бұрын қамалғандар енді шығатын болса, міндетті түрде стерилизациядан өткізу мәселесін қарау керек деп санаймыз», - деді Асхат Аймағамбетов.