Елдос Қоспаев пен оның 7 сыбайласы Кипрде ұсталды
Елдос Қоспаев пен оның 7 сыбайласы Кипрде ұсталды
Ұлттық қауіпсіздік комитеті жүзеге асырған операциясының қорытындысы бойынша Солтүстік Кипрден Қазақстанға Елдос Қоспаев және ол бастаған қылмыстық топтың 7 мүшесі жеткізілді. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, топ мүшелеріне бұған дейін Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторингі агенттігі рейдерлік жасады, ұйымдасқан қылмыстық топты құрды және оған қатысты деген күдікпен халықаралық іздестіруге жариялаған болатын.
Тергеу мәліметтері бойынша, олар қорқыту және зорлық-зомбылық жасау арқылы кәсіпкерлердің мүлкін, олардың компаниялардағы үлестерін тартып алған, сондай-ақ көлеңкелі бизнеспен айналысқан.
ҰҚК операциясы шеңберінде шетелдік әріптестермен тығыз өзара іс-қимыл жасай отырып, топ қатысушыларының орналасқан жерлерін анықтау, сәйкестендіру және ұстау жөніндегі қажетті жедел іс-шаралар ұйымдастырылды.
«Күдікті адамдар ҰҚК «А» арнайы мақсаттағы қызметінің жауынгерлерінің айдауылымен Астана қаласына жеткізілді және қылмыстық қудалау органының қызметкерлеріне берілді», - делінген ақпаратта.