Жаңалықтар

Астанаға жылу қашан беріледі?

ашық дереккөзі

Астанаға жылу қашан беріледі?

Астана қалалық Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы отын-энергетикалық ресурстар бөлімінің басшысы Мақсат Есмағұлов елордада жылыту маусымы қашан басталуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. «Бізде жылыту маусымын өткізуге қатысты мәслихат қабылдаған ереже бар. Осы ережеге сәйкес, жылыту маусымын бастау туралы шешімді әкімдік қабылдайды. Егер қалада 5 күн бойы +10 және одан төмен градус салқын болса, онда әкімдік жылыту маусымын бастау туралы шешімін шығарады. Әзірше, мұндай параметр болған жоқ. Дегенмен, балабақшалар, мектептер, ауруханалар әкімдіктің қаулысын күтпей, жылыту жүйесіне қосыла алады. Ол үшін мекемелер «Астанажылутранзит» АҚ-на өтінім беруге тиіс», - деді Мақсат Есмағұлов.