«Қоршаудан секірмек болған»: Алматыда 10 жасар баланың аяғына темір кіріп кетті
«Қоршаудан секірмек болған»: Алматыда 10 жасар баланың аяғына темір кіріп кетті
Алматыда жасөспірімнің аяғын 20 сантиметрлік істік темір тесіп өткен, деп хабарлады turkystan.kz.
Алматы қалалық балаларға арналған жедел медициналық көмек орталығының хирургтері балаға шұғыл ота жасады. Істік темір баланың оң жамбасын жарақаттаған.
Ата-анасының айтуынша, жасөспірім көрші ауланың қоршауынан өтпек болғанда, істік аяғына кіріп кетіп, басымен төмен қарай ілініп қалған.