Абай облысында скутер жүргізушісі жүк көлігіне соғылды
Абай облысында скутер жүргізушісі жүк көлігіне соғылды
Абай облысында кәмелетке толмаған скутер жүргізушісі жүк көлігіне соғылды, деп хабарлады turkystan.kz.
30 тамыз күні Омбы – Майқапшағай тас жолының 904-шақырымында Жарма ауданында жасөспірімнің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды.
«Мотоциклді тізгіндеген 14 жастағы азамат жол ережесін сақтамай, қарсы жолаққа шығып, салдарынан Ѕкаnіа жүк көлігімен соғылған. Бірнеше дене жарақатын алған жасөспірім аудандық ауруханаға жеткізілді», - делінген Polisia.kz сайтының хабарламасында.