Жаңалықтар

«Пышақпен қорқытқан»: Астана тұрғынынан ақша бопсалаған күдікті ұсталды

ашық дереккөзі

«Пышақпен қорқытқан»: Астана тұрғынынан ақша бопсалаған күдікті ұсталды

Астана тұрғынын пышақпен қорқытып, ақшасын иемденіп алған күдікті ұсталды, деп хабарлады turkystan.kz. Polisia.kz сайтының мәліметінше, Астана тұрғыны полицияға хабарласып, белгісіз біреу оны қорқытып, ақшасын алғаны жайында арызданған. Жәбірленушінің айтуынша, бетперде киген азамат пышақпен қорқытып, 500 мың теңге салынған әмиянын тартып алған. «Аталған оқиға бойынша Байқоңыр ауданының полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында 32 жастағы елорда тұрғынын анықтады. Тексеру барысында аталған азаматтың бұл қылмысты бұрын жоспарлап, алдын ала медициналық киім мен бетперде сатып алғаны анықталды. Күдікті түнде Гоголь көшесіндегі металл қабылдау пунктіне келіп, жәбірленушіні қорқытумен мүлкін иемденіп, содан кейін белгісіз бағытқа қашып кеткен. Құқық бұзушыны ұстау үшін полиция қызметкерлері кешенді жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, күдіктіні қолға түсірген», - делінген хабарламада. Ер адам кінәсін мойындап, ПД-ның уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оның қала аумағында осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.