Жаңалықтар

Құлсарыда жаппай төбелеске қатысқан 23 адам ұсталды

ашық дереккөзі

Құлсарыда жаппай төбелеске қатысқан 23 адам ұсталды

Құлсары қаласында болған жаппай төбелеске қатысы бар деген күдікпен 23 адам ұсталды. Оның ішінде 8 жасөспірім бар, деп хабарлады ҚазАқпарат. Жуырда әлеуметтік желілерде 5 қыркүйек күні Құлсары қаласында жастардың топтасып төбелескені туралы видео тараған болатын. «Тағы да Құлсары. Жау келгендей, елдің берекетін алып жүрген жастар. Видеоға түсіріп отырған жастар көпқабатты үйдің төбесінде отырған сияқты. Біздің тәртіп сақшылары қайда?» - деп жазба қалдырды әлеуметтік желі қолданушысы. Құлсары қаласында төбелестің болғанын Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. «Кеше, 5 қыркүйекте түнгі сағат 22:20 шамасында Құлсары қаласындағы көпқабатты үйдің жанында біп топ адамның төбелескені анықталды. Жергілікті полицейлердің жедел әрекеті нәтижесінде барлық қатысушы ұсталды. Аудандық полиция бөліміне төбелеске қатысы бар 23 адам жеткізілді. Оның ішінде 8 жасөспірім бар. Тергеу басталды. Төбелестен дене жарақатын алғандар мен ауруханаға жеткізілген жәбірленушілер жоқ», - деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.