Жаңалықтар

Ақтауда салынып жатқан тұрғын үйдің едені опырылып түсті (ВИДЕО)

ашық дереккөзі

Ақтауда салынып жатқан тұрғын үйдің едені опырылып түсті (ВИДЕО)

Әлеуметтік желіде Ақтауда салынып жатқан жаңа үйдің ішкі қабаты опырылып түскені туралы видео тарады, деп хабарлады turkystan.kz. Видеоны түсірген құрылысшының айтуынша, бетон құлап, барлық заттары жертөлеге түсіп кеткен. Оқиға орнына Маңғыстау облысының мемлекеттік Сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы барды. Құлаған тұрғын үй 29А шағынауданында орналасқан. Lada.kz сайтының мәліметінше, оның мердігері – «Caspian Mega Construction» компаниясы. «Құрылыс барысында сапасыз материалдар пайдаланылған болуы мүмкін. Плитада жарықшақ болуы ықтимал, салдарынан ол опырылып түскен. Жоғарыда орналасқан плита салмағымен астындағы плиталардың опырылып түсуіне әсер еткен», - деді Құрылыс-сәулеттік бақылау басқармасындағылар.