Жаңалықтар

БҚО-да атыс болып, бірнеше адам ауруханаға жеткізілді

ашық дереккөзі

БҚО-да атыс болып, бірнеше адам ауруханаға жеткізілді

Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Аралтөбе ауылында атыс болып, үш адам ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлады turkystan.kz. Департамент мәліметінше, оқиға 5 қыркүйек күні шамамен сағат 18.45-те болды. «Спирттік ішімдік ішу барысында туындаған талас салдарынан 1975 жылғы ер адам бұзақылық ниетпен аңшы мылтығынан 34 жастағы тұрғынға оқ атқан. Ұшқан бытыра өтіп бара жатқан 1964 жылғы әйел мен екі жасар сәбидің аяғына тиген. Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қазіргі уақытта күдіктіні ұстау үшін барлық шара қолданылуда», - делінген хабарламада.