Жаңалықтар

Атырауда «Azan» интернет-радиосы ашылды

ашық дереккөзі

Атырауда «Azan» интернет-радиосы ашылды

Атырауда орталық «Иманғали» мешіті жанынан діни, рухани-танымдық бағыттағы «Azan» интернет-радиосы жұмысын бастады, деп хабарлады turkystan.kz ҚМДБ сайтына сілтеме жасап. Aтырау облыстық Дін істері басқармасының мемлекеттік тапсырысы аясында ашылған радио ҚМДБ Атырау облысы өкілдігімен бірлесе жұмыс істейді. Радионың арнайы ашылу салтанатына Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы төрағасының орынбасары, наиб-мүфти Сансызбай Құрбанұлы, Бас мүфти кеңесшісі Кенжетай Байкемелұлы және сараптама бөлімінің меңгерушісі Нұрлан Евфратұлы, зиялы қауым өкілдері мен журналистер қатысты. Шараны ашқан ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб-мүфти Сансызбай Құрбанұлы асыл дініміздің құндылықтарын насихаттап, қоғамға пайдалы ақпараттармен насихаттауда радионың орны зор екенін атап өтті. «Адамға насихат ең бірінші құлақпен есту арқылы жетеді. Сол себепті жаңа істеріңіз берекелі болсын» деп батасын берді.