Жарты жылда 308 адам банкрот болды
Жарты жылда 308 адам банкрот болды
Биыл жарты жыл ішінде елімізде 308 азамат өзін банкрот деп жариялады, деп хабарлады turkystan.kz Бірінші кредиттік бюроға сілтеме жасап.
Бюроның мәліметіне сүйенсек, банкрот деп танылған азаматтардың қарызының жалпы сомасы 710 млн теңгеден асқан, орташа есеппен алғанда, бір адам шамамен 2,3 млн теңге берешек.
Банкрот болғандардың ішінде ең көп қарызы бар 106,5 млн теңге берешек алматылық азамат екен. Ал қарызы ең аз Қарағанды облысы тұрғыны болды, оның берешегі – 48,5 мың теңге.
Банкрот болғандардың көбі – Алматы (51 адам), одан кейін Қарағанды (34) және Алматы (24) облыстарының тұрғындары. Ең азы – СҚО-да (3) және ШҚО-да (4).
2023 жылғы 3 наурыздан бастап банкроттыққа 64,6 мың өтініш түскен, бірақ оның 51,4 мыңы (75%) қабылданбады.