"Абай жолы" романын онлайн режимде тыңдай аласыз

"Абай жолы" романын онлайн режимде тыңдай аласыз

"Абай жолы" романын онлайн режимде тыңдай аласыз
ашық дереккөзі
Қазақ тілін цифрлық жүйемен оқыту дамып келеді, – деп хабарлайды Астана арнасы. Енді «Абай жолы» романын смартфон арқылы онлайн режимде тыңдауға болады. Бұл туралы мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Азат Шауеев айтты. Қазақ тілін цифрлық жүйемен оқыту барысында «Менің Қазақстаным», «Қазақстанның ұлы тұлғалары», «Кім білгіш?» сияқты мобильді қосымшалар ашылған.  Ал тұңғыш қазақша тегін оқытатын «soyle.kz» порталында скайп арқылы тіл үйрету басталған. Қазір аталған сайтта әлемнің 140 мемлекетінен 53 мың адам тіркеліп, қазақ тілін үйреніп жатыр. «Тіл үйрететін жер жоқ деген сылтау ғана, қазірдің өзінде сайттың мобильді қосымшаларын 30 мыңнан астам жүктеп алған», – дейді Азат Шауеев. Ал бұдан былай «Абай жолын» кез-келген жерде тыңдауға болатынын айтты. «Абай жолы» романын онлайн режимде тыңдауға болады, оқымай-ақ. Мобильді қосымшасы бұл. Қосып аласыз да, кез-келген жерде, көлігіңізде, кептелісте тұрғанда романды басынан-аяқ тыңдап отырасыз»,  – дейді Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Азат Шауеев.