Жаңалықтар

Елімізде нан бағасы бір жылда 9 пайызға қымбаттады

ашық дереккөзі

Елімізде нан бағасы бір жылда 9 пайызға қымбаттады

Биыл қаңтар-шілдеде Қазақстанда 296,4 мың тонна нан өндірілді. Бұл былтырғымен салыстырғанда 0,7% аз, деп хабарлады turkystan.kz. Өндірістің ең көп көлемі Түркістан облысына тиесілі: 71,1 мың тонна, бір жылда 0,6% азайған. Бұл - елдегі жалпы өнімнің 24%-ы. Екінші және үшінші орында Алматы (31,4 мың тонна, 1,3% азайған) және Ақтөбе облысы (27,6 мың тонна, 5,5% азайған). Ең аз Ұлытау облысында: 2,7 мың тонна, 2,5% азайған. Energyprom.kz сайтының мәліметінше, 2022 жылы елімізде 521,2 мың тонна нан өндірілді, бұл бір жыл бұрынғыдан 0,8% артық. Биыл шілде айының қорытындысы бойынша, нан бір жылда 8,6% қымбаттаған. Оның ішінде қара бидай мен бидай ұны наны бір жылда 12,7%, жоғары сұрыпты ұннан жасалған бидай наны - 12,4%, бірінші сұрыпты ұннан жасалған бидай наны - 5,8% қымбаттады. «Өңірлер бойынша бағаның ең көп жылдық өсімі Ұлытау облысында тіркелді - 20%. Одан кейін Маңғыстау облысы (17,6%) және Алматы (плюс 16,3%). Ең аз жылдық баға өсімі Батыс Қазақстан облысында байқалды - 2%», - делінген хабарламада.