Жаңалықтар

Таиландта суға батқан қазақстандық туралы жаңа мәлімет жарияланды

ашық дереккөзі

Таиландта суға батқан қазақстандық туралы жаңа мәлімет жарияланды

Таиланд Пхукетінде суға батып кеткен қазақстандықты ата-анасы танып, оның денесін Отанына жеткізуге дайындалып жатыр. Бұл туралы СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров хабарлады, деп мәлімдеді turkystan.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. Айбек Смадияровтың мәліметінше, 1 қыркүйекте Қазақстанның Таиландтағы елшілігінің сенім телефонына Пхукет аралында Қазақстан азаматы жоғалып кеткені туралы ақпарат келіп түскен. Консул жергілікті билік пен полицияға хабарлаған. Екі күн бойы іздеу жұмыстары жүргізіліп, кеше оның денесі табылды. Бүгін баланы ата-анасы анықтады. Жақын арада денені Қазақстанға жеткіземіз. Қазір құжаттарды рәсімдеу және жергілікті билік органдарымен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Бұл жігіт Таиландта бірнеше ай болған. Ол 15 жасынан бастап саяхаттаған екен. Әлеуметтік желілерде өте белсенді. Оның YouTube-те өз блогы бар. Сірә, айтишник. Мұндай жағдай болғаны өкінішті, біз ата-анасына барлық қажетті көмекті көрсетеміз, - деп сендірді Смадияров. Бұған дейін 18 жастағы қазақстандық Таиландта қаза тапқаны хабарланған болатын.