Жаңалықтар

Экс-депутат Бекболат Тілеухан қазір немен айналысып жүр?

ашық дереккөзі

Экс-депутат Бекболат Тілеухан қазір немен айналысып жүр?

Парламент Мәжілісінің экс-депутаты және Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының бұрынғы басшысы Бекболат Тілеухан Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының вице-президенті қызметін атқарады, деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының директоры Бақдаулет Сәбитов айтты. Ол Бекболат Тілеуханның Қазақстанда ұлттық спорт түрлерін дамытуға елеулі үлес қосқанын айта келе, қазір бұл салада қызмет етпейтінін мәлім етті. Дегенмен Түркияда Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясы бар. Онда сол ұйымда вице-президент қызметін атқарады. «Келесі жылы біз осы конфедерациямен бірге Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткіземіз. Бұл мәселеде оның тарапынан қолдау көрсетіледі деп үміттенеміз», - деп жауап берді Бақдаулет Сәбитов БАҚ өкілдерінің сауалына.