Жаңалықтар

Ақмола облысында бапкер қамауға алынды

ашық дереккөзі

Ақмола облысында бапкер қамауға алынды

Ақмола облысында шаңғы спортының бапкері есірткіні заңсыз өткізгені үшін ұсталды. Тінту кезінде 40 келі есірткі тәркіленді, деп хабарлады Polisia.kz. Ақмола облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Қарасора – 2023» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде Астана мен облыс аумағына есірткі құралдарын жеткізу арнасын жабу бойынша арнайы операция жүргізді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде Ақмола облысының есірткіге қарсы полицейлері Жібек Жолы кентінің терминалының жанында 37 жастағы ер адам басқарған автокөлікті тоқтатты. Ол бұрын балаларды шаңғы спортына баулумен айналысқан. Күдіктінің автокөлігін тінту кезінде багаж бөлігінде картон қорап табылды. Оның ішінде салмағы 40 келіге жуық гашиш есірткі заты бар төрт полиэтилен пакет табылды. Күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.