Жаңадан құрылған Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің басшысы туралы не білеміз?

4 қыркүйек, 2023 / Анель Жарылғасын
ашық дереккөзі
Жаңадан құрылған Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің басшысы туралы не білеміз? Мемлекет басшысының Жарлығымен тағайындалған Өнеркәсіп және құрылыс министрі бұған дейін «Бәйтерек» ұлттық холдингін басқарды, деп хабарлады turkystan.kz. Қанат Шарлапаев 1981 жылы Саратов облысында дүниеге келген. Саратов әлеуметтік-экономикалық университетін (РФ), Cranfield School of Management (Ұлыбритания) бітірген. Еңбек жолын 2003 жылы банк секторында бастады.