Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді

ашық дереккөзі

Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап. Жиында халық арасындағы құмар ойынға тәуелділік мәселелері қарастырылды. Президент елімізде лудоманияның белең алуына қарсы бағытталған әлеуметтік дағдыларды қалыптастыруда қоғамның, дін қызметкерлерінің және бұқаралық ақпарат құралдарының атқаратын рөлі ерекше екенін атап өтті. Сондай-ақ Мемлекет басшысы ойын бизнесі саласындағы қаржылық және басқа да құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарын жандандыру қажет екеніне назар аударды. «Барлық қаржы қозғалысын қадағалап, заңға қайшы әрекет анықталған жағдайда тиісті шаралар қабылдау маңызды», – деді Президент.