Жаңалықтар

Өкілеттігін мерзімінен ерте тоқтатқан депутат жаңа қызметке тағайындалды

ашық дереккөзі

Өкілеттігін мерзімінен ерте тоқтатқан депутат жаңа қызметке тағайындалды

Президенті Әкімшілігінің келісімімен Ғалымжан Елеуов Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлады turkystan.kz әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ғалымжан Алмасбекұлы Елеуов 1978 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген, білімі - жоғары, медицина ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор. 2001 жылы Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік медицина академиясын, 2008 жылы Астана қаласындағы Қазақ мемлекеттік заң академиясын, 2011 жылы Назарбаев университетінің Жоғары бизнес мектебін бітірген. Еңбек жолын Ақтөбе қалалық емханасында дәрігер қызметінен бастап, бас дәрігердің орынбасары лауазымына дейін атқарған. 2010-2021 жылдары Ақтөбе, Астана қалаларындағы жеке оңалту медициналық орталықтарының директоры қызметтерінде болды. 2021 жылдың қаңтар айынан бастап - Парламент Мәжілісінің 7, 8-шақырылымдарындағы депутаты. Айта кетейік, Орталық сайлау комиссиясы 1 қыркүйекте экс-депутаттың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға өтініш бергені туралы мәлімдеді. Мәжілісте оның кетуіне не түрткі болғаны айтылмаған болатын.